Әлемдік Adamed

Жаһандық өсу

Екі негізге, яғни, инновация мен халықаралық өсу негізінде дәйекті жүзеге асырылған өсіп-даму стратегиясы Adamed фармацевтикалық және биотехнологиялық компаниясын әлемге әйгілі брендке айналдырды.

Біз халықаралық дәрежеде кеңеюді 2003 жылы бастадық. Бүгінгі таңда біздің өнімдеріміз 70 елдегі пациенттерге қолжетімді.
Біздің өкілдіктеріміз Испания, Ресей, Чехия, Вьетнам, Италия, Қазақстан, Өзбекстан, Словакия және Украинада орналасқан.
Бізде Вьетнамда өндіріс зауыты бар, ол жерде біз қазір өндіріс процесіне өзгерістер енгізіп, ЕО GMP сертификатын алу үшін қажет жабдықты жетілдіріп жатырмыз. 
Көптеген жылдар бойы біз өнімдеріміздің көлемі мен құнының тұрақты өскенін байқадық. Қазіргі уақытта бизнесіміздің үштен бір бөлігі халықаралық салаларда жүзеге асырылуда, ал даму жоспарларымызды 2022 жылға қарай 45%-ға дейін арттыру жоспарлануда.

 

Adamed компаниясының жаһандық өсуі

Біздің компанияның халықаралық кеңеюі екі бизнес үлгісіне негізделген

Азияға инвестиция салу

2017 жылдан бастап Adamed ең жылдам дамып келе жатқан вьетнамдық фармацевтикалық компаниялардың бірі – Davipharm компаниясының иесі болды. Сатып алу туралы келісімге Ханойда Польша президенті Анджей Дуда мен Вьетнам президенті Чан Дай Куангтың қатысуымен қол қойылды.

Компанияның басқару пакетін сатып алу Adamed-ке Азия-Тынық мұхиты аймағында одан әрі серпінді кеңеюге мүмкіндік берді.

Толыѓыраќ

Италияда кеңею

2019 жылы Adamed итальяндық Ecupharma компаниясының акцияларын сатып алды және Adamed компаниясының Италиянның кардиологиялық нарығында, сонымен қатар басқа терапевтикалық салаларда кеңеюін қолдау үшін онымен стратегиялық серіктестік құрды.

 

Ecupharma – тез дамып келе жатқан, невропсихиатрия және урология саласында жұмыс істейтін фармацевтикалық компания. Оның өнім портфелі созылмалы аурулары бар адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырады. Компания өзінің тұрақты клиенттерінің қолдауымен өзінің нарықтық жағдайын тұрақты түрде дамытуда. Adamed сияқты, бұл компания да заманауи демографиялық проблемаларға басты назарды аударады және егде адамдардың денсаулығына көңіл бөледі.

Толыѓыраќ