Компания туралы

Поляк инновациясы осы жерде пайда болады

Биз — поляк ғылыми ойы мен меншікті патенттер негізінде құрылған, 100% поляк капиталы бар отбасылық фармацевтикалық және биотехнологиялық компаниямыз.

 

1986 жылы Adamed компаниясы құрылғаннан бері біз поляк инновацияларын әлемдік нарықтарға экспорттайтын Польшадағы ең маңызды фармацевтикалық компаниялардың біріне айналдық. Біз елде жұмыс істейтін ең ірі он фармацевтикалық компанияның қатарындамыз (дереккөз: IQVIA).

Adamed — жаңа буын дәрі-дәрмек нарығының көшбасшысы. 2001 жылы Польшада алғашқы болып бірегей терапияларды зерттеу жұмыстарын бастадық. Бүгінгі таңда біздің қоржынымызда Польшада және шетелде әлемнің ондаған еліндегі емделушілерге ұсынылатын 900-ге жуық өнім түрі (SKU) бар, ал зерттеулер мен әзірлемелерге (R&D) салған инвестициямыз осы уақытқа дейін шамамен 2,6 миллиард злотыға жетті. Біз елдегі және шетелдегі жетекші университеттермен және ғылыми институттармен серіктестік орнатқанбыз.

40 жыл инновация, 130 жылдан астам дәстүр

1986

Adamed негізін медицина және денсаулық сақтау ғылымының докторы – Мариан Адамкевич құрды

1991

- Зәр шығару жолдарының инфекциясын емдеуге арналған алғашқы дәрі жасалды.
- Жоғары сапалы фурагина өндірісінің өзіндік технологиясын жасау миллиондаған пациенттер үшін урологиялық ауруларды емдеуді қолжетімді етеді

1994

Варшава маңындағы Пенков қаласында бірінші өндіріс орны ашылды

1998

- Алғашқы Польшада жасалған амлодипині тіркелді
- Амлодипинді синтездеу әдісі жетілдірілді: Польшада алғаш рет жасалған жаңа өндіріс процесінің пайда болуы осы терапияны қолдана алатын емделушілердің санының едәуір артқанын білдіреді, бүгінде ондай адамдар саны – 75 000-нан 1,5 млн-ға жетеді

1999-2001

- Ғылыми-зерттеу бөлімі құрылды
- Adamed компаниясы Еуропалық Одақта бекітілген Өндірістік тәжірибеге сәйкес келеді және ол GMP UE сертификатына ие
- Инновациялық дәрі-дәрмектерді зерттеу басталды (онкология және орталық жүйке жүйесі аурулары саласында)

2002

Лодзь қаласына жақын орналасқан Ксаверув ауылында екінші өндіріс зауыты ашылды

2003

Adamed өз өнімдерін өндіруді бастады

2005-2009

- Джагиеллон университетімен алғашқы өндірістік-академиялық консорциум құрылды
- Испаниядағы Adamed Laboratorios қызметінің басталуы
- Украинадағы өкілдік мекемесін құру

2010

Polfa Pabianice және Agropharm компанияларын сатып алу

2011

FURACUINUM препаратының қол жетімділік санатын RX-ден OTC-ге өзгерту

2013

Қазақстанда өкілдік кеңсесінің ашылуы

2016

Adamed компаниясының заманауи зерттеу және дамыту орталығы өз жұмысын бастады.

2016

Компания Словакия мен Чехияда өкілдік кеңселерін ашты

2017

Davipharm вьетнамдық фармацевтикалық компаниясының бақылау пакеті сатып алынды

2018

Тәжірибелік зерттеу және дамыту өндіріс алаңы іске қосылды (тәжірибелік зауыт)

2019

Италияда өкілдік кеңсесі ашылды және Италияның Ecupharma компаниясының акциялар пакеті сатып алынды

2020

- «Acadia Pharmaceuticals» компаниясымен «Adamed» инновациялық молекуласын одан әрі әзірлеу туралы эксклюзивті жаһандық лицензиялық келісімге қол қойылды.
- Өзбекстанда өкілдіктің құрылуы

2021

Пабианицедегі өндірістік-логистикалық орталықты кеңейту

2022

Тадалафил 10 мг қол жетімділігі санатындағы әлемдегі бірінші өзгеріс RX-дан OTC-ге

2023

Вьетнамдық Davipharm компаниясының 100% акциясын сатып алу

2024

Ингаляциялық дәрілерді әзірлеу және микробиология бойынша жаңа зертханалардың ашылуы

2025

Варшава маңындағы Каетаныда ADAMED Discovery ғылыми-зерттеу орталығының ашылуы

2026

Sanofi компаниясының Испаниядағы өндірістік кәсіпорнын сатып алу
1986
1991
1994
1998
1999-2001
2002
2003
2005-2009
2010
2011-2012
2013
2016
2016
2017
2018
2019
2020
2021
2022
2023
2024
2025
2026
2027
 

Түпнұсқа дәрілер

Adamed жұмысы үш зерттеу платформасына негізделген. Біз онкология, нейропсихиатрия мен диабетология үшін жаңа дәрілік препараттарды іздеудеміз.

Біз қолданыстағы емдеу әдістерін жақсартамыз

Adamed компаниясында біз дәрі-дәрмектердің қасиеттерін жақсартамыз.

Отбасы үшін жасалды


Adamed отбасымен жаќсыраќ танысу



Толыѓыраќ оќу