Іс-шаралар

Adamed халықаралық конференциясы

14 Желтоқсан 2020

Бұл көрнекті іс-шараның мақсаты – COVID-19 емдеу әдістері бойынша білім алмасу. Сарапшылар әр түрлі елдер мен бағыттарда жұмыс істеу практикасының нәтижесінде алған өз тәжірибесімен және тұжырымдарымен бөлісті. Орын алып отырған пандемияға байланысты, конференция онлайн-форматта өтті, бұл оны ұйымдастырушылар үшін біршама техникалық міндет болып табылды. Конференция екі уақыт аймағындағы көптеген елдердің қатысуымен өтті, баяндамалар бір уақытта төрт тілге (поляк, ағылшын, испан және орыс) аударылып отырды.

1-ші Adamed халықаралық конференциясының спикерлері:

Проф. Анджей Фаль – Варшава қаласындағы Ішкі істер және әкімшілік министрлігі жанындағы Орталық клиникалық аурухананың аллергиялық реакциялар, өкпе аурулары және ішкі ағзалардың ішкі аурулары клиникалық бөлімшесінің меңгерушісі; Поляк жаппай денсаулық сақтау қоғамы Басқарма кеңесінің президенті.

Проф. Роберт Флисиак – Поляк эпидемиологтар мен инфекционистер қоғамының президенті; инфекциялық аурулар мен гепатология клиникалық бөлімшесінің меңгерушісі, Белосток медицина университеті.  

Проф. Петр Малковский – Варшава медициналық университетінің кадрлық және ұйымдастырушылық мәселелері жөніндегі вице-ректоры; және:

Проф. Петр Радзишевский – уролог; Польша Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық даму кеңесінің мүшесі.

Проф. Александр Нерсесов – С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің гастроэнтерология бөлімшесінің бастығы; Қазақ бауыр зерттеу қауымдастығының президенті.

Доктор Азамат Кайсарович Ибраев, психотерапевт, Қарағанды облыстық психикалық денсаулық орталығы; Когнитивті-мінез-құлық психотерапиясы қауымдастығының мүшесі.

Доктор Марина Дурманова – Қазақстан Республикасының Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті.

Проф. Нигора Муминова – Дипломнан кейінгі білім институтының акушерия және гинекология бөлімшесі; Өзбекстанның Акушерлер және гинекологтар қауымдастығының мүшесі.

Доктор Хосе Антонио Гарсиа-Донайрэ – Жоғары қысым саласында маманданатын Испан нефрологтар қоғамының президенті; Мадридтегі Клинико Сан Карлос ауруханасы.

Доктор Марта Навас Техедор – психиатр, Мадридтегі Клинико Сан Карлос ауруханасы.

Проф. Ричард Чешка – Чех ішкі ағзалар аурулары қоғамының президенті; Ішкі ағзалар аурулары мәселелері бойынша Еуропалық федерацияның Әкімшілік кеңесінің мүшесі.

Проф. Ян Шкра – ішкі ағзалар аурулары бөлімшесі, жалпы бейіндегі университет ауруханасы, Прагадағы Карлов Университеті.

Проф. Михаил Полуэктов – ұйқы медицинасы бөлімшесінің меңгерушісі; Балалар ұйқысы жөніндегі мамандар ұлттық қоғамының президенті.

Проф. Алексей Охлобыстни – ішкі ағзалар аурулары пропедевтикасы бөлімшесі, Сеченов атындағы университет, Мәскеу.

Доктор Анна К. Уфимцева – ішкі ағзалар аурулары пропедевтикасы бөлімшесі, И.М. Сеченов атындағы алғашқы Мәскеу мемлекеттік медицина университеті.

Проф. Петро Потейко – Харьков дипломнан кейінгі медициналық академиясының фтизиология, пульмонология және отбасылық медицина бөлімшесі.

Проф. Ирина Жабченко – жүктілік және бала туу патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, О.М. Лукьянов атындағы педиатрия, акушерия және гинекология институты, Украина.

Доктор Клаудио Ферри – Италия Денсаулық сақтау министрлігінің қамқорлығындағы Жүрек-қан тамырлары және ми-тамырлық жүйе аурулары мәселелері жөніндегі итальяндық альянс және Жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларын болдырмау жөніндегі итальяндық қоғам мүшесі.

Проф. Сержио Агости – Электрофизиология және аритмология зертханасының жетекшісі, Генуя қ. университеті.

Өзінің алғашқы сөзінде: “Бүгінгі пандемия біз өмір сүріп жатқан әлемге қауіп төндіреді ме», - профессор Анджей Фаль Еуропа пандемияның екінші толқынына бұдан да жақсырақ дайындалуына болатынын атап өтіп, көктемде жасалған қателіктерге баса назар аударды. Сарапшының пікірі бойынша, емделуі кейінге қалдырылған демікпе, ӨСОА және жүрек-қан тамырлары аурулары сияқты басқа аурулар бүгінгі таңда үлкен проблема болып табылады. “Әлем бойынша коронавирустан 1.5 миллион адам қайтса, басқа аурулардан 33.5 миллион адам қайтқан.Бұл жұқпалы емес аурулардың адамдар үшін үлкен қауіп туғызып отырғанын көрсетеді.Қан тамыры аурулары – бірінші орында, себебі COVID-19-бен салыстырғанда, бұл аурудан қайтқан адамдардың саны 10 есе артық”, деп атап өтті профессор Фаль.

Сонымен қатар, конференцияның бірінші күні спикерлер пандемияның психикалық денсаулыққа әсерін (доктор Азамат Ибраев және доктор Марта Навас Техедор), коронавирус пен карантиннің фармацевтика нарығына әсерін (доктор Марина Дурманова), пандемия уақытында диабетке көзқарасымызды өзгерту керек пе (доктор Ян Шкра), сондай-ақ COVID-19 жүрек-қан тамырлары жүйесімен байланысты қауіп-қатерді күшейтеді ме деген мәселелерді талқылады (Проф. Хосе А. Гарсиа-Донайрэ)

Өз кезегінде, конференцияның екінші күні коронавирус уақытында иммунитеттің дамуы үшін ұйқының маңыздылығы (доктор Михаил Полуэктов), пандемия уақытында жүрек жүйесінің жай-күйін қадағалау (профессор Сержио Агости) және өкпе ауруларымен ауыратын пациенттерді COVID-19 ауруынан емдеу кезіндегі терапевттер жұмысының қиындығы (Проф. Анджей Фаль) сияқты тақырыптарға арналды.

Конференция мен дәрістердің толық жазбасы adamedunited.com онлайн қолжетімді.