Іс-шаралар

COVID-19 індетіне қатысты жаһандық қиын мәселелер бойынша Екінші Adamed халықаралық конференциясы жақын арада өтеді

20 Сәуір 2021

SARS-CoV2 вирусын жеңу және COVID-19 індетін тоқтату – бүкіл жаһандық денсаулық сақтау жүйесінің бір жылдан астам уақытқа созылған ең маңызды жаһандық қиын мәселелері. Сауыққандар күресетін келесі мутациялар немесе асқынулар – бүгінгі медицинаның проблемалары. Сонымен бірге дәрігерлер басқа емделушілерге үнемі көмектесуге тырысуда және олардың қажетті емге қол жеткізуіне жағдай жасаумен әлек. Вирусты жақсырақ түсіну және науқастарға көмектесу үшін жан-жақты және кәсіби білім қажет болуда.  Жуырда өтетін келесі Adamed халықаралық конференциясына бүкіл әлемнен бірнеше мың сарапшылар қатысатын болады. «Денсаулық сақтау жүйесіндегі тағы бір індет жылы мен жаңа қиындықтар» деп аталатын іс-шара 2021 жылы 22-23 сәуірде онлайн режимінде өтеді.

Соңғы ғылыми зерттеулерге негізделген білім, сарапшылармен ынтымақтастық және инновациялар – коронавируспен күресудің бірден бір сенімді әдісі болды. Adamed компаниясы бүгінгі таңдағы медицинаның маңызды қиыншылықтарына жауап ретінде Еуропа мен Азияның тоғыз елінің дәрігерлерін тұратын, екінші рет өткелі отырған халықаралық конференцияға шақырады. Бұл іс-шара COVID-19-ке қарсы күрестегі соңғы жаңалықтарға және бұл індеттің күнделікті клиникалық практиканы қалай өзгертіп жатқаны және оның дәрігерлерге туындатып жатқан мәселелері жөнінде болады. Дәрістер поляк, ағылшын, орыс және испан тілдеріндегі аудармасымен онлайн режимде көрсетілетін болады.

2-ші Adamed халықаралық конференциясының басты модераторы профессор Анджей М. Фаль мырза болады, ол – Варшавадағы Ішкі істер және әкімшілік министрлігі жанындағы Орталық клиникалық аурухананың Аллергология, өкпе аурулары және ішкі аурулар жөніндегі клиникалық бөлімшесінің меңгерушісі; Поляк қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы кеңесінің президенті. Оның пікірінше, осы түрдегі жоба дәрігерлер үшін керемет қолдау болып табылады: Алғашқы конференцияға 10 000-нан астам дәрігер қатысты. Осы іс-шараның екі күнінде біз пациенттерді емдеу және COVID-19  індетімен күресу барысында бізге пайдалы болуы мүмкін барлық мәселелерді талқыладық. Бірнеше айдан кейін індет әлі де өршіп тұрды, бірақ біз вакцинацияларды еге бастадық және коронавируспен күресте бірнеше «ұпай жинадық». Одан да көп ұпай жинау үшін 2-ші Adamed халықаралық конференциясында жиналайық.

Конференция күнтізбесінде 9 елден келетін 18 сарапшының дайындаған дәрістері бар. Бұл дәрістерде, басқа мәселелермен қатар, психиатрлардың індет кезіндегі рөлі, COVID-19-тен кейін қалыпқа келу кезіндегі қиындықтар және науқастарды сауықтыру, сонымен қатар осы аурудың репродуктивтік саулыққа кері әсері сияқты тақырыптар қозғалады. Сондай-ақ вакциналау туралы соңғы ақпарат беріледі.